Осы ретте француз әскері шаһар төңірегін әуеден соққылап, содырлардың 4 нысанын жермен жексен еткен. Ұшақтардың барлығы «Шарль де Голль» әскери кемесінен ұшырылған.
Бұған дейін АҚШ билігі Иракқа жарты мыңнан астам сарбазын жіберетінін мәлімдеген еді. Ал Мосул үшін шайқастың нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери операция қазанның ортасына жоспарланған.
Айта кеткен жөн, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» елдегі астанасы саналады. Экстремистер оны 2014 жылы басып алған.