Агенттіктің мәліметінше, Хормозган провинциясының губернаторының орынбасары Ахмед Нефиси АҚШ пен Израиль Бехмен кеме қонатын алаңына шабуыл жасағанын айтты.
Оның сөзінше, шабуыл салдарынан адам шығыны мен жарақат алғандар болған жоқ. Алғашқы бағалаудан кейін жағдай тұрақталған, кеме қонатын алаңның жұмысы қайта жанданып, өңірдегі ахуал толық бақылауға алынған.
Нефиси АҚШ пен Израиль Кешм аралындағы тұщы су алу құрылғысына шабуыл жасаған деген хабарларды жоққа шығарды.
— Соғыстың алғашқы күндерінде тұщы су алу нысандарына жасалған шабуылдан кейін жаңа шабуыл тіркелген жоқ, — деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тегеран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге баж салығы мен шектеулер енгізген болатын.