АҚШ пен ҚХР арасындағы баскетбол ойыны жанжалмен аяқталды

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған Бейжіңдегі баскетбол ойыны жанжалмен аяқталды,

деп хабарлайды Би-Би-Си.

Джорджтаун университетінің атынан қатысқан американдық ойыншылар әскерилерден құралған қытай командасындағы қарсыластарымен бірнеше рет соқтығысып қалған соң, жарыстың соңын күтпестен ойын алаңынан кетіп қалған.

АҚШ және ҚХР баскетбол командалары арасындағы достық матч американдық вице-президент Джо Байденнің Қытайға жасаған сапарымен тұспа-тұс келді.

Американдық команданың капитаны болған жағдайға өкінетінін мәлім етті.