АҚШ пен Қытай сауда келісімдерін 2027 жылға дейін ұзартты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ пен Қытай сауда-экономикалық қатынастардағы шиеленісті азайтуға бағытталған келісімдердің қолданысын 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін ұзартуға келісті.

Фото: Report

Report агенттігінің мәліметінше, бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген. 

— Бүгін Пусанда жасалған, екі ел арасындағы экономикалық шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған келісімнің мерзімін ұзарту туралы уағдаластыққа келдік. Оның қолданысы 10 қарашада аяқталуы тиіс еді. Енді ол 10 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл бізге экономика саласында қандай қадамдар жасауға болатынын анықтау үшін көбірек уақыт береді, — деді Бессент.

Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Иран мен АҚШ арасында Қатардың араағайындығымен келіссөздердің кезекті кезеңі өтті. Келіссөз шамамен екі сағатқа созылды.