Жаттығу Корея Республикасының оңтүстік-батысында Канвондо провинциясындағы полигонда өтті. Онда корейлік жойғыш F-15K және F-16 ұшақтары да жұмылдырылды. Маневр сценарийі бойынша ұшқыштар КХДР-дағы негізгі нысандарға соққы жасады. Корея Республикасы ӘӘК қолбасшылығы жаттығу Пхеньяндағы зымыран сынағына жауап екенін атап өтті.
Сейсенбіде КХДР Орталық телевидениесі «Хвасон-14» құрлықаралық баллистикалық зымыранды алғаш рет сәтті ұшырғанын хабарлаған. Сәрсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Корей жарты аралындағы жағдай бойынша шұғыл отырыс өткізді. Онда АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли Пхеньянға әскери күш қолданатынын айтып сес көрсеткен, сондай-ақ елге қарсы қатаң санкция, қарар дайындап жатқанын хабарлаған.