Мемдепартаменттің ресми өкілінің айутынша, келесі бейсенбі күні Гавана мен Вашингтонда елшіліктер ашу мәселесі талқыланады.
Өткен айда Барак Обама Кубаны лаңкестікке демеу жасайтындардың тізімінен алып тастайтынына сөз берген.
Дипломатиялық қарым-қатынасты орнату үшін Гавана қойған талаптардың бірі аталған тізімнен елді алып тастау болатын.