АҚШ пен Куба келіссөздердің кезекті кезеңін өткізді

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ Кубамен жаңа қарым-қатынастарды құруға барынша ниетті. Бұл туралы мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды өкілі Эдвард Алекс Ли мәлім етті.

Алайда шенеунік елдер арасындағы диалог Гавананың саяси еркіндікті кеңейту бойынша бұдан кейінгі қадамдарымен қатар жүруі тиіс екенін алға тартуда.

Лидің сөзінше, өткен аптада АҚШ пен Куба арасында тараптардың өзара сыйластығы аясында айтарлықтай конструктивті келіссөздер өтті.

Сарапшылардың пайымынша, келіссөздерде салмақты нәтиже болмағанымен, бірнеше онжылдақтар бойы мақсат мүдделері қарама-қайшы болған екі елдің байланыстарындағы жаңа қатынастарға деген ниеттілік фактісінің өзі елеулі қадам болып саналады.