АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери оқу-жаттығуы басталды
23:31, 31 Наурыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Сәуірдің бірі күні аяқталатын әскери шара Оңтүстік Корея аумағындағы Пхохан қаласында өтуде. Жаттығуға шамамен мыңдаған теңіз әскері мен ондаған арнайы кеме және Оңтүстік Кореяның 3000-ға жуық сарбазы қатысты.
Айта кетейік, әскери оқу-жаттығу жыл сайын өткізіліп отырады. Аймақта зымырандар ұшырылған сайын Солтүстік Корея билігі наразылық шараларын өткізеді.