АҚШ пен Ресей арсеналдарды қысқарту туралы келіссөздерді жалғастыруда

БЕРН. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Стратегиялық шабуыл қарулары бойынша Ресей-американ консультацияларының үшінші раунды бүгін Женевада ашылады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

 Екі елдің сарапшылары екіжақты келісімнің жаңа шартын әзірлеуде. Қазір қолданылып отырған құжаттың мерзімі желтоқсанда аяқталады.