Сәрсенбі күні Пханмунджом шекара бекетінде АҚШ пен Солтүстік Корея ресми өкілдері - Филиппиныдағы АҚШ елшісі Сон Ким және Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрінің орынбасары Чхве Сон Хи кездесу өткізді. Онда екі елдің басшыларының кездесуінде қаралатын өзекті мәселелер талқыланды.
АҚШ пен Солтүстік Корея 27 мамырдан бері осымен бесінші рет келіссөз жүргізді. Тараптар саммит қарсаңында оның күн тәртібіне аздаған өзгерістер енгізуі мүмкін.
Жұртшылық Сингапурдың сыртқы істер министрі Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ли Ен Хоның шақыруымен бейсенбі не жұма күні Пхеньянға барады деп күтіп отыр.