Оның хабарлауынша, шамасы АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары түскі асқа бармайды.
Ақ үй Трамп пен Ким Чен Ынның келісімге қол жеткізе алмағанын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта келісім жасалған жоқ, бірақ Трам пен Кимнің командасы алдағы кездесуді асыға күтеді», - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.
Бұл мәлімдеме екі көшбасшының саммит өтетін жерден кетіп, түскі ас пен келісімге қол қою рәсімін тоқтатқаннан кейін жарияланды.
Қол қою рәсімі жергілікті уақытпен 14.05-ке жоспарланған еді.
Сондай-ақ, Сандерс Трамп пен Кимнің жақсы, конструктивті кездесу өткізіп, ядролық қарусыздану мәселелерін талқылағанын айтты.