АҚШ пен Украина ресурстар туралы келісімге келді — БАҚ

Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Financial Times басылымы мен AFP агенттігі Киевтегі дереккөздерге сілтеме жасап жазғандай, мұнай мен газды қоса алғанда, табиғи ресурстарды бірлесіп игеру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform DW-ге сілтеме жасап.

AFP мәліметтері бойынша құжатқа 28 ақпанда, яғни жұма күні Вашингтонда қол қойылуы мүмкін.

FT нақтылағандай, АҚШ әлеуетті кірістің 500 миллиард долларға қатысты құқығы туралы талаптарынан бас тартқан.

Financial Times басылымы танысып өткен 24 ақпандағы келісімнің нұсқасы қор құруды көздейді, оған Украина ресурстардың «болашақ монетизациясынан» түсетін кірістің 50%-ын салып отырады. Қор Украинадағы жобаларға инвестиция салады.

Бұл ретте FT уағдаластықтар «Нафтогаз» немесе «Укрнафта» жұмысына қатысты емес деп сендірді.

Осыған дейін Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Украинаға қатысты ұсынған қарарын қабылдағанын жазған едік.