АҚШ пен Ұлыбритания Йемен хуситтеріне тағы соққы жасады

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі сегіз нысанаға бірлескен әуе шабуылдарының жаңа сериясын бастады, деп жазды ВВС.

Фото: UK MINISTRY OF DEFENCE

Соққылар жерасты қоймасы мен хуситтердің «зымыран және барлау жүйесіне» бағытталған.

Йемендік ақпарат құралдарының хабарлауынша, соққылар ел астанасы Санамен қатар, елдің басқа аймақтарына да жасалды.

Иранның қолдауындағы хуситтер Қызыл теңіз арқылы өтетін негізгі сауда жолы бойындағы Израильмен байланысы бар кемелерді нысанаға алды.

Бұл - АҚШ-тың Йеменге сегізінші рет соққы беруі, ал Ұлыбританиямен екінші бірлескен операциясы.