Америка Құрама Штаттарының сауда өкілі Кэтрин Тай мен Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоял екіжақты сауда қатынастарын нығайту туралы пікір алмасты.
Министрлер 2021 жылы шамамен 160 миллиард долларға жеткен тауар айналымының өсімін жоғары бағалап, екіжақты сауданы ұлғайту және әртараптандыру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниет білдірді.
АҚШ пен Үндістан өзара тарифтерді төмендету, сауда мен қызмет көрсетуді жеңілдету, цифрлық сауданы дамыту, ауылшаруашылық өнімдеріне қол жеткізу, студенттердің және инвесторлардың қозғалысын жеңілдету үшін виза рәсімдерімен байланысты шешілмеген сауда мәселелерін шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға уағдаласты.
Фото: istockphoto.com