АҚШ пен Үндістан 10 жылдық қорғаныс пактіне қол қойды
АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ Үндістанмен 10 жылдық қорғаныс ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Reuters.
АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет бұл туралы жұма күні Малайзияда өткен ASEAN+ қорғаныс министрлерінің кездесуі аясында Үндістан қорғаныс министрі Раджнат Сингхпен кездескеннен кейін мәлімдеді. Мәлімдеме оның ресми X әлеуметтік желідегі аккаунтында жарияланды.
Хегсеттің айтуынша, қол қойылған келісім аймақтық тұрақтылықтың негізі болады және екі ел арасындағы үйлестіруді, ақпарат алмасуды және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Сол күні Пентагон басшысы Қытай қорғаныс министрі Дун Цзюнмен келіссөз жүргізді. Америка тарапы кездесудің сындарлы әрі оң атмосферада өткенін атап өтті.
- АҚШ қақтығыс іздемейді, бірақ өз мүддесін берік қорғауға және мұны істеу үшін қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ниетті, - деп жазды Хегсет әлеуметтік желілерде.
Біз бұған дейін Үндістан мен АҚШ сауда келіссөздеріне оптимистік көзқарас білдіріп отырғанын хабарлаған едік.