АҚШ пен Жапония басшылары пайдалы қазба мен сауда туралы келісімдерге қол қойды

Фото: bssnews.net/international/325700

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп пен Жапония премьер-министрі Санае Такайчи екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша сауда және негізгі пайдалы қазбалар бойынша екі келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі NBC News арнасына сілтеме жасап.

Бірінші келісім АҚШ-Жапония альянсында «жаңа алтын ғасырды» қарастырды және АҚШ-тағы жапониялық инвестицияның 550 миллиард долларына айырбас ретінде жапон тауарларына 15% баж салығын енгізетін сауда келісімін қамтыды. 

– АҚШ пен Жапония көшбасшылары екі елдің жылдам және дәйекті күш-жігеріне қанағаттанушылық білдірді және осы ірі келісімді жүзеге асыруға берік ниеттерін қуаттады, - делінген келісімде. 

Екіншісі – өндіру және қайта өңдеу арқылы маңызды және сирек жер пайдалы қазбаларды жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі негіздемелік келісім болды.

Азияға сапарында Трамп Қытайдың экспорттық бақылауы электронды құрылғылар мен басқа да озық технологияларды жасау үшін қажет сирек жер металдарының жаһандық жеткізілімін бұзуы мүмкін деген алаңдаушылық жағдайында Таиланд және Малайзиямен осындай келісімдерге қол қойды.