АҚШ пен Жапония КХДР-ға қатысты мәселені талқылады
07:15, 31 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп пен Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ КХДР жақында ұшырған зымыранына қатысты мәселені талқылады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Әңгіме барысында АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея тарапынан КХДР-на қысымды күшейтуді жалғастыра беруге уағдаласты.
КОТА агенттігінің деректеріне қарағанда, өткен жұма күні КХДР «Хвасон-14» баллистикалық зымыранды сәтті ұшырды. Зымыранның ұшу ұзақтығы 998 шақырымды құрағандығы айтылды.