CBS дерегінше, қазір билік күдікті адамның өзін және ол жалға алған болуы мүмкін автокөлікті іздестіріп жатыр. Күдіктінің жеке басы әзірге жарияланған жоқ.
Сондай-ақ тергеушілер Браундағы атыс пен екі күннен кейін Массачусетс технологиялық институтының профессорының өлтірілуі арасында байланыс болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырып отыр.
Іздестіру жұмыстары алтыншы күн қатарынан жалғасып келеді: тергеушілер үйлерді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, қоғамнан да қылмыскерді табуға көмектесуді сұрап отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тағы Браун университетіндегі атыс кезінде екі адам қаза тапқанын жаздық.