АҚШ президенті Джо Байденнің күзет кортежі жол апатына ұшырады
13:26, 18 Желтоқсан 2023
Белгісіз біреу АҚШ президенті Джо Байден кортежіндегі көліктердің бірін қағып кетті. Мемлекет басшысында бәрі жақсы. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабар таратқан. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап жазды.
Президент кортежінің жол талғамайтын көлігін мемлекет басшысы жұбайы Джилл Байденмен Уилмингтон орталығындағы (Делавэр штаты) демократиялық штабтан шыққан кезде белгісіз біреу қағып кетті.
- Қатты соққы естілген кезде АҚШ президенті көліктің жанында тұрды, - деп жазды журналистер.
АҚШ құпия қызметінің агенттері апатқа жауапты көлікті тез қоршап алып, жүргізушіге қару кезенген, ол бірден қолын көтерді.
Апат алдында Байден БАҚ-тың бұрынғы президент Дональд Трампқа қатысты сауалдарына жауап берген.