ТАШКЕНТ. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Өзбекстан басшысы Шавкат Миизиёевке хат жолдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
АҚШ президенті ақпанда Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиынына Өзбекстан басшысының белсенді қатысқанына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар Дональд Трамп көршілес елдің президентін Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысына және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, G20 саммитіне қатысуға шақырған болатын.
Қоса кетсек, Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында Шавкат Мирзиёев Өзбекстан Газаны қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға дайын екенін мәлімдеп еді.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.