Дәрігерлердің айтуынша, бұл сақтық шараларын жасау мақсатында жасалған.
СNN агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Ақ үйден Мэриленд штатындағы Уолтера Рида әскери-медициналық ұлттық орталығына тікұшақпен жеткізілген.Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды.
«Бүгін кешке АҚШ-тың бірінші ханымы және мен коронавирусқа тест тапсырдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауды бастап кеттік. Біз бұны бірге еңсереміз!» - деп жазды президент Twitter -де.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.