АҚШ Президенті Назрандағы лаңкестікті үзілді-кесілді айыптады

АСТАНА.  Тамыздың  18-і. ҚазАқпарат -  АҚШ Президенті Барак Обама   дүйсенбі күні  Назранда  болған    лаңкестік әрекетті  үзілді-кесілді айыптады.

«Мұндай    лаңкестік  әрекеттерді ешнәрсе ақтай алмайды», -  делінген  Ақ үй     таратқан мәлімдемеде.

Дүйсенбі күні   Назранда  болған  лаңкестік әрекеттің салдарынан   20 адам қаза болып,   138 адам зардап шеккен. Бұл туралы    Ресейдің Төтенше жағдайлар  министрлігінің  Ақпарат басқармасынан   хабарлап  отыр.

Ресми  дерек көздің     хабарлауынша,    мәскеу уақыты  бойынша сағат 09.06-да  екі  жанкешті мінген  «Газель»  көлігі    қалалық  ішкі істер бөлімінің  қақпасын    соғып барып тоқтайды.    Милиция  қызметкерлерінің бірі   көліктің есігін ашып,   жүргізушіні    алып шықпақ болған  кезде,     іштегі екінші адам     жарылғыш  құрылғыны іске қосқан.

Құқық қорғау  органдарының  алдын-ала мәліметтері  бойынша,    жарылыстың   қуаты  20 килә  тротилді  шамалаған.    Жарылыстың    күшті болғаны соншалық,     ішкі істер  ғимараты өртенген.  

Ингушетиядағы жағдай  қазір   қатты күрделеніп  отыр.  Өткен  аптада  Магаста     республиканың  құрылыс министрін  өз кабинетінде атып кетті.