агенттердің қоғамдық орындарда өздерін ұстау талаптарын қатайтты,деп хабарлады Би-Би-Си.
Енді шет мемлекеттерге сапар барысында Құпия қызмет өкілдеріне алкогольді ішімдіктерді пайдалануға, «күдікті» орындарға баруға, өздері тұрып жатқан мейманханаға шетелдіктерді ерітіп келуге тыйым салынады. «Өздеріңіздің әрбір басқан қадамдарыңызға соңғы айда болған оқиға негізінде қараңыздар»,-дейді Құпия қызмет директоры Марк Саливан қол астындағы қызметкерлеріне.
Агенттер сонымен қатар, әдеп, яғни этика курстарынан өтеді. Колумбиялық жезөкшелермен байланысты жынойнаққа Құпия қызметінің және АҚШ-тың Қорғаныс саласының 12 қызметкері қатысты болып шықты. АҚШ Президенті Колумбияның Картахен қаласында өткен аймақтық конференцияға қатысып жатқанда, оның элиталы күзет қызметінің өкілдері жергілікті ойын-сауық орындарындағы жеңіл жүрісті қыздармен қыдырып, ішімдік ішуге кеткен.
Моральдық келбет жөнінде
Осы оқиғаға қатысы бар Құпия қызметінің 12 қызметкері жұмыстарынан босатылды немесе тәртіптік жауапқа тартылды. Арнайы қызмет өкілдері өзге де агенттердің 2011 жылы Сальвадорға сапары барысында стриптиз-клубында ақылы жыныстық қызмет түрлерін пайдаланғандығы жөніндегі ақпарат бойынша тексерулер жүргізуде. АҚШ-тың Құпия қызметінің баспасөз-хатшысы агенттердің Сальвадордағы этика нормаларына жатпайтын қылықтарын әшкерелейтін нақты дәлелдер жоқтығын мәлімдейді. Бұдан былай, шет мемлекетке сапар барысында агенттерге қандай орындарда және қандай аудандарда болуға болмайтындығы жөнінде арнайы талап қойылады. Агенттер өздерінің кезекті қызметіне түсерге дейінгі 10 сағатта спиртті ішімдік пайдалануға болмайды. Сондай-ақ қонақ үйдің қызметшілері мен келіссөздерге қатысушы азаматтар мен қызметтес әріптестерінен өзге азаматар тұратын бөлмелерге баруға да тыйым салынады. Өзге уақыттарда белгілі бір деңгейде спиртті ішімдіктерді пайдалануға болады.