АҚШ президентінің арнаулы өкілдері Мәскеуге жетті

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президентінің арнаулы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Мәскеуге келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ресейдегі меншікті тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Фото: ТАСС

FlightRadar сервисіне сүйенсек, АҚШ әскери әуе күштерінің борт нөмірі SAM934 арнайы ұшағы Мәскеудің «Внуково» әуежайына қонған. Сервис деректеріне қарағанда, Майами әуежайынан Мәскеу уақытымен 09:00-де әуеге көтерілген ұшақ Хельсинки әуежайына тоқтап, артынша Ресейге келген.

Әуежайдан Уиткофф пен Кушнерді РФ президентінің шетелмен инвесстициялық-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Кирилл Дмитриев қарсы алған.

Бұған дейін Axios Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Ресей-Украина дағдарысын реттеу жолдарын талқылау үшін Мәскеу және Киевке баратынын хабарлаған