АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанға келді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.

Фото: Ақорда

Бүгін Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті.

Фото: Ақорда

Сондай-ақ олар Алматыдағы заманауи өнер музейіне, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені мен «Медеу» мұз айдынына барды.

Фото: Ақорда

Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды.

Фото: Ақорда

Бұған дейін АҚШ-тың арнайы елшісі мен Мемлекеттік хатшы орынбасары Қазақстанға келетінін жазған едік.

Фото: Ақорда