Бүгін Санкт-Петербургтегі Grand Hotel Europe қонақүйінде америкалық жоғары лауазымды шенеунік Ресей Президентінің шет елдермен инвестициялық және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі, Ресей тікелей инвестициялар қорының (RDIF) басшысы Кирилл Дмитриевпен кездесу өткізді.
Айта кетейік, С. Уиткофф бүгін Санкт-Петербургке келген болатын.
Бұған дейін 13 наурызда ол Мәскеуге барып, Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларымен, сондай-ақ президент В.Путинмен кездесті. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Д. Песков С. Уиткоффтың ресейлік тарапқа Украинаға қатысты қосымша ақпарат бергенін, ал Ресей президенті ол арқылы америкалық әріптесіне ақпарат пен қосымша сигналдар таратқанын хабарлады.