АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Бейжіңге барды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан үш күндік сапармен Бейжіңге барды.

Фото: видеодан алынған кадр

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дж.Салливанның Қытайға сапары АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің кейінгі сегіз жылдағы алғашқы сапары.

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Дж.Салливан ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚКП Орталық сыртқы істер комиссиясы кеңсесінің меңгерушісі Ван Идің шақыруымен 27-29 тамыз аралығында Қытай-Америка стратегиялық байланыстарының жаңа кезеңін өткізу үшін Қытайда болады.

Гонконг ақпарат құралдарының хабарлауынша, кездесулер барысында тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Осыған дейін демократиялық партияның Ұлттық съезд алдында және оның барысында жүргізілген бірқатар сауалнама Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Камала Харристі қолдау деңгейі Республикалық партияның қарсыласы Дональд Трамптан жоғары екенін көрсеткенін хабарладық.