АҚШ президенттігіне үміткер Марк Рубио сайлау додасынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенттігіне үміткер Марк Рубио сайлау додасынан шығып қалды. Саясаткер Флорида штатында тағы бір үміткер Дональд Трамптан жеңілгенін мойындады, деп жазады шетелдік БАҚ.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Флорида штатында алдын ала дауыс беру кезінде Марк Рубио Дональд Трамптан аз дауыс жинаған.
«Біздің жолымыз дұрыс, бірақ Флоридадағы сайлау биыл жеңіске жете алмайтынымызды көрсетті»,- деді Рубио.