АҚШ прокурорлары рэпер P. Diddy-ге 11 жыл түрме жазасын беруді талап етті
АСТАНА.KAZINFORM — Сейсенбі күні АҚШ федералды прокурорлары P. Diddy лақап атымен белгілі рэпер Шон Комбсты сексуалдық қылмыс жасағаны үшін 11 жылдан астам бас бостандығынан айыруға үкім шығаруға шақырды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Сот құжаттарына сәйкес, айыптаушы тарап рэперге кем дегенде 135 айға (11 жыл 3 ай) бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 500 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеу жазасын сұрап отыр.
Іс бойынша соңғы шешімді жұма күні Манхэттенде АҚШ округінің судьясы Арун Субраманиан шығарады.
Сот алқасы P. Diddy-ді рэкеттік және адам саудасы бойынша ең ауыр айыптаулардан ақтап шықты, ол айыптар бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.
Комбс барлық айыптар бойынша кінәсін мойындамады және үкімге шағымданатынын мәлімдеді.
Өткен аптада адвокаттар сотты 14 ай мерзіммен шектелуге шақырды.
Егер судья қорғаушы тарапты қолдайтын болса, P.Diddy 2024 жылдың 16 қыркүйегінде қамауға алынғаннан бергі түрмеде отырған уақыты ескеріліп, жыл соңына дейін босатылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, америкалық рэпер мен продюсердің үстінен сексуалдық зорлық-зомбылық жасады және қудалау жасады деп айыпталған жаңа сот істері қозғалды. Екі әйел мен төрт ер адамнан барлығы алты талап арыз берілген. Онда 1995 және 2021 жылдар аралығында болған оқиғалар баяндалады.