АСТАНА. ҚазАқпарат - Психологтардың пікірінше, егер мультфильмде басты кейіпкер ашушаң, қатыгез, қиратқыш, зұлым, өлтіріп, зиян келтіретін қиянатшыл әрекеттер жасаса, сосын сценарийде оның бұл қылығы өзгелер тарапынан жазаланбаса, сондай-ақ ол кейіпкер соңына қарай атақты болып, байып кетсе, онда бұл анимациялық фильмдерді балаларға көрсетуге болмайды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Сондай-ақ, эпизодтарда адамдар тарапынан жануарлар әлемі мен өсімдіктерге деген қиянат болмауы керек.
Психолог мамандардың пікірінше, мультфильмдегі кейіпкер сүйкімсіз, көріксіз болып, қиындықтан қашса, оңай жолмен, еңбексіз немесе алдау арқылы табысқа жетуді көксесе, ондай мультфильмдерді балаларға көрсетуден аулақ болу керек.