— Ресей билігі санкцияларға қарсы тұруды жақсы меңгерген. Бірақ соған қарамастан, АҚШ жаңа шектеулерге дайын, — деді Ақ үй басшысы Newsmax телеарнасына берген сұхбатында.
Қосымша қысым құралдары дайын
Бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ-дағы уақытша істер жөніндегі орынбасары Джон Келли мәлімдегендей, Трамп 8 тамызға дейін Украина бойынша келісімге келгісі келеді.
— АҚШ бейбітшілікке қол жеткізу үшін қосымша шараларды қолдануға дайын, — деді Келли.
Ал АҚШ пен Қытай тарифтік келісімді тағы үш айға ұзартты.