АҚШ сандық телевидениеге көшті

МӘСКЕУ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат – АҚШ сандық телевидениеге көшті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Өткен бейсенбі Америкада аналогтық телехабар таратудың соңғы күні болды. Телехабар таратудың жаңа форматына көшу көптеген американдықтардың арасында әуре-сарсаң туғызды. Адамдар соңғы сәтте сандық дабылдарды қабылдайтын қажетті конвертерлер мен жаңа теледидарларды сатып алды. Алайда АҚШ-та 3 миллион үй сандық жүйеге көшуге әзір емес. Бүгіннен бастап елдің телеаудиториясының 2,5 пайызы теледидар көре алмайды. Жаңа форматқа ауысуға испан тілді отбасылар бәрінен де нашар әзірленген болып шықты, ал егде американдықтар бұған мықтап дайындалған.