Оның айтуынша, саяси үдерістерді бағалау кезінде белгілі бір демократиялық өлшемдерге сәйкестікті ғана емес, мемлекеттің тұрақтылық пен дәйекті дамуды қамтамасыз ету қабілетін де ескеру маңызды.
— Менің ойымша, басты мәселе елдің демократияға қарай бет алып бара жатқанында немесе бармай жатқанында емес. Негізгі назарды саяси тұрақтылықты қалыптастыруға аудару қажет, — деді сарапшы.
Кен Мориясу тұрақтылық ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру үшін қажетті жағдай қалыптастыратынын атап өтті.
Оның пікірінше, бұл үдерісте мемлекеттік институттар мен қоғамның оларға деген сенім деңгейі маңызды рөл атқарады. Адамдар үдеріске сенуі керек. Сондықтан институттардың маңызы өте зор деп атап өтті.
Сарапшы сондай-ақ саяси өзгерістерді бағалау уақытты қажет етеді. Себебі қабылданған шешімдердің салдары бірден байқала бермейді деді.
Айта кетейік, бұған дейін сарапшы Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы маңызды байланыстырушы елге айналып келе жатқанын айтқан еді.