АҚШ Сауд Арабиясындағы қызметкерлерін әкетеді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік департаменті хуситтердің шабуылына байланысты АҚШ-тың штаттан тыс мемлекеттік қызметшілері мен олардың отбасыларына Сауд Арабиясынан кетуге бұйрық берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі The Hill басылымына сілтеме жасап.

Фото: todaypress.tv

Жаңа нұсқау хуситтердің Сауд Арабиясы қолдайтын Йемен үкіметіне қарсы соғысы кезінде қабылданды. Хуситтер Сауд Арабиясының азаматтық әуежайлары мен стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасап, бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп отыр.

Сәрсенбіде АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы елшілігі хуситтер тарапынан жаңа шабуылдар жасалуы мүмкін екенін ескертіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

Бұған дейін Сауд Арабиясы мен хуситтер Иранның бітімге келу жөніндегі үндеуіне жауап бермегенін хабарлаған едік.