Уорш кандидатурасы 54-ке қарсы 45 дауыспен бекітілді. Ол пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. Бірақ сонымен бірге Ақ үйдің бұйрықтарын орындаудың орнына ақша-несие саясатын белгілеуде өз пікірін қолдануға уәде берді. Уорш Массачусетс штатындағы демократ сенатор Элизабет Уорреннің Дональд Трамптың «қуыршағы» болады деген айыптауын жоққа шығарды.
Бұрын Джером Пауэлдің өкілеттігі 15 мамырда аяқталатыны хабарланған болатын. Ол ФҚЖ-ны 2018 жылдан бері басқарып келді. Бұл ретте Пауэлл ФҚЖ Басқарушылар кеңесінде қалады және пайыздық мөлшерлемелерді белгілейтін 12 мүшеден тұратын комитет бойынша дауыс береді.
Осыған дейін АҚШ Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырғаны хабарланды.