Заң жобасын 68 сенатор қолдап, 30-ы қарсы дауыс берді. 18 демократ Республикалық партия өкілдерінің көпшілігіне қосылды. Тек екі ғана республикашыл қарсы шықты.
Бұл дауыс беру — Сенаттың цифрлық активтерді реттейтін маңызды заңды алғаш рет қабылдауы.
— Бұл заң жобасы арқылы Америка Құрама Штаттары криптовалюта саласында әлемдік көшбасшы болуға бір қадам жақындай түсті. Заң жобасы АҚШ долларын нығайтып, тұтынушыларды қорғайды және АҚШ-тың қазыналық облигацияларына деген сұранысты арттырады, — деді GENIUS Act заң жобасының авторы, Теннесси штатының республикашыл сенаторы Билл Хагерти.
GENIUS заңы енді республикашылдар басқаратын Өкілдер палатасына жолданды.
Бұдан бұрын АҚШ-та биткоиндердің стратегиялық резерві құрылғаны хабарланды.