АҚШ Сенаты Трамптың салықты азайту туралы заң жобасын мақұлдады

Фото: edition.cnn.com

АСТАНА. KAZINFORM – Дауыстар тең түсті – 50-де 50. Шешуші дауысты вице-президент Джэй Ди Вэнс берді, деп хабарлайды CNN.

Сейсенбіде сенат республикашылары Дональд Трамптың салық пен бюджетті қысқарту туралы заң жобасын аз ғана дауыспен қабылдады.

Енді заң жобасы президент қол қою үшін Өкілдер палатасынан өтуі керек.

Конгрестің бюджеттік кеңсесі заң жобасының құны 3,4 триллион долларды құрайды деп есептейді. Оған салықты қысқарту және ұлттық қауіпсіздікті қаржыландыруды ұлғайту, ішінара федералды әлеуметтік қамсыздандыруға онжылдықтардағы ең үлкен қысқартулар кіреді.

Заң жобасы сенбі күні Сенатта процедуралық дауыс беруден өтті. Трамп «үлкен заң жобасы» деп атаған құжат бірқатар салада айтарлықтай салық пен шығыстарды қысқартуды қамтиды.