Демократиялық және Республикалық партиялардың сенаторлар тобы атыс қаруын сату ережелерін қатаңдату туралы ұсыныстар дайындады . 20 сенатор бұл бастаманы жексенбі, 12 маусымда жариялады.
Сенаторлар 21 жасқа дейінгі қару-жарақ сатып алушылардың өмірбаянын тексеруді күшейтуді, мемлекеттің қару-жарақтың қауіпті деп танылған адамдардың қолына түсуіне жол бермеу үшін ресурстарды көбейтуді, ұлттық дерекқорға тұрмыстық зорлық-зомбылық пен тыйым салу туралы мәліметтерді қосуды ұсынды.