АҚШ сенаторлары Б.Обамадан Ресей банктеріне қарсы санкция енгізуді талап етіп отыр

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Коннектикут штатының сенаторы Ричард Блументаль Барак Обамадан ресей ірі банктеріне қарсы санкциялар енгізуді талап етті, деп хабарлады РБК.

Америкалық шенеуніктің пікірінше, бұл шара Сириядағы Башар Асад режимінің қаржыландырылуын тоқтатуға көмектеседі.

Аталған хатқа Р.Блументальмен бірге тағы үш сенатор - Келли Айотт, Джон Корнин мен Джин Шаин қол қойды. «Біз Ресей банктеріне АҚШ-тағы шоттарын уақытша жабу арқылы және АҚШ-қа РФ-дан келген банк қызметкерлеріне эмбарго енгізу арқылы ықпал ете аламыз. Орыстар үшін бұл ауыр соққы болады», - деп жазылған хатта.

АҚШ-тың Қаржы министрлігінде сенаторлардың бұл бастамасына қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ, дегенмен үнсіз де қалған жоқ, Б.Асадтың режіміне экономикалық қысым көрсету керек екенін атап өтті.

«Алда әлі талай жұмыс бар. Әкімшілік түрлі ел компанияларына Сирия режімімен ынтымақтастықты тоқтатуға мәжбүрлеп отыр және олар бұл саясатты әлі де жалғастыра тұседі», - деп хабарлады Қаржы министрлігінің шенеунігі.