АҚШ Сенаты бюджеттің ымыраға келу нұсқасын мақұлдады
08:15, 17 Қазан 2013
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ Сенаты мемлекеттік мекемелердің уақытша қаржыландырылуын жаңартуды және мемлекеттік қарызға лимитті арттыруды қарастыратын ымыралы құжатты мақұлдады.
Заң жобасы мемлекеттік мекемелердің қаржыландырылуының жаңартылуын 2014 жылдың 15 қаңтарына дейін және лимиттің кеңейтілуін 7 ақпанға дейін жаңартуды көздеп отыр. Сонымен қатар, екі палатаның өкілдері қаржы реформалары бойынша келіссөздер жүргізіп, 13 желтоқсан күні конгреске оның нәтижесі жайлы есеп береді деп болжануда.
Құжат күшіне енуі үшін бақылаушы республикалық палата өкілдерімен бекітіліп, президент қол қоюы керек.