АҚШ сенаты Чак Норриске «құрметті техастық» атағын берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатының (АҚШ) сенаты америкалық актёр Чак Норристі «құрметті техастық» атағымен марапаттады. Бұл туралы Texas Montly хабарлады.

Марапаттау рәсімі 4 сәуірде жоғарғы палатаның күнделікті сессиясы барысында өткен.

Сенат 77 жастағы Норристің кино мен телевизиядағы жетістіктерінен бөлек, соғыс ардагерлері мен балаларға бағытталған түрлі қайырымдылық акцияларына қатысатынын ерекше атап өтті.

2011 жылы Норрис ««Крутой Уокер»  сериалындағы Корделл Уокер рөлі үшін штаттан «Техастық рейнджер» ресми атағын алған еді.

10 наурыз күні Чак Норрис 77 жасқа толды.