15:13, 05 Қыркүйек 2013
АҚШ Сенатының арнайы комитеті Сириядағы әскери операцияны қолдады
АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ Сенатының сыртқы істер жөніндегі комитеті Сириядағы әскери операцияны көздейтін резолюцияның жобасын қолдады.
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, Б.Обаманың жоспарын комитеттің 10 мүшесі қолдаса, жетеуі қарсы дауыс берді. Ал бір сенатор қалыс қалды. Енді, келесі аптада Сириядағы әскери операцияны өткізуді көздейтін резолюция бүкіл сенат палатасының талқылауына түседі. Ал оның құрамында 100 сенатор бар. Айта кетейік, резолюцияның бүгінгі жобасына сәйкес, Сириядағы әскери операцияны 60 күннің ішінде өткізу көзделген. Сондай-ақ тағы бір айдай қосымша уақыт қарастырылып отыр. Құжат тек әуе соққыларын ғана жасауды көздейді.