АҚШ Сирияда бейбіт тұрғындардың қаза болуы туралы хабарларды тексеруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Вашингтон бастаған халықаралық коалицияның авиасоққысы нәтижесінде Сирияда соңғы күндері 52 бейбіт тұрғынның қазаға ұшырағаны туралы хабарламаны тексеруде, деп хабарлады Би-би Си.

Бұдан бұрын сириялық құқық қорғаушылар коалиция ұшақтары Кобани қаласы ауданында «Ислам мемлекеті» содырларына соққы беру барысында 52 бейбіт тұрғынның қазаға ұшырағаны туралы хабарлаған болатын.

Пентагон бұл хабарламаларды қуаттаған жоқ.

Халықаралық коалиция өкілдері авиашабуылдардың нәтижесінде бұл күндері «Ислам мемлекеті» содырларының жеті позициясы жойылғанын мәлімдеді.