Ол келіссөздің бірден-бір шарты - Пхеньянның келіссөз үстеліне бастапқы құраммен оралуы. Бұл туралы АҚШ Президенті Барак Обаманың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джеймс Джонс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ассошиейтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Корея Халық Демократиялық Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұған дейінгі мәлімдемесінде, Пхеньянның Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, АҚШ, Жапония, Қытай және Ресей тараптарының қатысуымен өтетін алты жақты халықаралық келіссөздерден бас тартатынын жария етіп, АҚШ-пен тікелей екіжақты келіссөзге ауысуды ұсынған болатын.