АҚШ-тың Африкадағы қарулы күштері қолбасшылығының өкілі, полковник Том Дэвистің мәлім етуінше, америкалық кеңесшілер Сомали астанасы Могадишо қаласы әуежайындағы базада. Олардың міндетіне исламистік «Аш-Шабаб» тобына қарсы күрес жүргізіп жатқан Сомали мен Африка одағы күштеріне жәрдем беру кіреді.
Сомалиге америкалық әскери кеңесшілерді жіберу - бұл 1993 жылы Сомали астанасында өткізілген операция барысында 18 АҚШ әскери қызметшісі қаза тапқаннан кейінгі 20 жыл ішіндегі Пентагонның алғашқы қадамы.