АҚШ сотында алғаш рет сөйлейтін тотықұс куәгер болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та кісі өліміне қатысты іс бойынша қаза тапқан иесінің соңғы сөздерін есінде сақтап қалған тотықұс куәгер болуы мүмкін, деп хабарлайды National Geographic.

Мичиган штатының тұрғыны Кристина Келлер сотта жако тотықұсынан жауап алуды ұсынып отыр. 45 жастағы Мартин Дюрамның өліміне қатысы бар деген күдікпен оның соңғы әйелі 48 жастағы Гленна Дюрамға айып тағылып отыр. Мартиннің алдыңғы әйелі Кристина болған. Бұрынғы күйеуінің өлгенін естіген ол осы қылмысты өзі ашуға талпынып отыр.

Былтыр жазда Дюрамдар жанұясы тұрған үйден Мартиннің мәйіті табылды. Оған бес рет оқ тиген. Онда бас жарақатымен Гленна да жатқан, алайда дәрігерлер оны құтқарып қалды. Қазір ол әйел адам өлтірді деген күдікпен түрмеде отыр. Тергеуде ол күдікті сейілту өзін-өзі жарақаттаған. Қайғылы оқиғаға ерлі-зайыптылар арасындағы жиі орын алатын ұрыс-керістер себеп болған.  

Қылмыс болған үйде Бад есімді тотықұс қайғылы оқиғадан кейін бірнеше ай өткен соң өз иелерінің дауысына келтіріп сөйлей бастаған.  Ол Мартиннің дауысына салып «Жоғал» деп айтқан, әйелінің даусымен «Мен қайда барамын?» деп, соңында құс иесінің «Атпа!»  деген сөзін қайталаған.