Фэйсбук әлеуметтік желісіне Алматыдағы АҚШ консулдығының ресми парақшасы жүктеген видеоны 32 мыңнан астам адам көрген.
«АҚШ құрамасының Алматыдағы Универсиада-2017 жарысына келген сәтінен алғашқы видеоны тамашалаңыздар. Біздің парақшамызға тіркеліп, Универсиада кезіндегі ең қызықты сәттерге куә болыңыздар. Алматыдағы АҚШ консулдығының Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасы @USCGAlmaty американдық спортшыларға бердік, сондықтан, қызықты оқиғаларды жіберіп алмаңыздар»,-деп жазған консулдық қызметкерлері.
АҚШ Консулдығы Универсиада кезіндегі жаңалықтарды #universiade2017 #usateam #uskz хэш-тегі бойынша таратып отырады.
Консулдықтың ақпаратына сүйенсек, Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джордж Крол, АҚШ-тың Бас консулы Марк Муди 29 қаңтар күні хоккейден АҚШ-тың әйелдер құрамасына жанкүйер болған. Ресей Федерациясы мен АҚШ құрамалары арасындағы жарыста Ресей командасы 7:1 есебімен Америка құрамасын ұтқан.