Қаланы сатуға 1986 жылы егесі атанған ерлі-зайыптылар - Джуди мен Рик Бренгл қойды. Осы уақыт аралығында Джуди қала әкімі, пошта бөлімінің бастығы, полиция басшысы болып үлгерді.
Бұл жермен әр жылы тамызда Sturgis Motorcycle Rally жарысына бара жатқан жүздеген байкерлер өтеді. Олардың көпшілігі дүкеннің дәлізіне демалуға тоқтайды, ол жерде тамақтанады. 118 жылдан бері үзіліссіз жұмыс істейтін дүкен қаланың жоғалып кетпеуіне себеп болуда.
2011 жылы дүкеннің Facebook-та жеке парақшасы пайда болды. Оған 600-ге жуық адам жазылған, Аладдин атауын 1894 жылы алған.
Оның алғашқы иегері дүкенді осылай атап, ертегі кейіпкері сияқты байып кетуге үміттенген. Ол кезде қала арқылы көмір тасымалдауға арналған Вайоминг пен Миссуриді байланыстыратын темір жол болған. 1910 жылы тасымалдау тоқтап, 1922 жылы темір жол тармағы жабылды.