Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Монетаның құндылығы сол, оны болаттан емес, қателесіп қоладан жасап шығарған», - деп хабарлайды РИА Новости. Мәлім етілгендей, бағалы монетаға «Техасские рейнджеры» (Texas Rangers) бейсбол командасының иесі Боб Р.Симпсон (Bob R. Simpson) ие болған.
Айта кетейік, осы жылдың басында Американың Флорида штатында осындай номиналды, бірақ бұдан әлдеқайда ертеректе жасалған монета сатылған болатын. Бәссаудада 1,38 миллион долларға сатылған цент 1793 жылға жатады, сол жылдан бастап америкалықтар өздерінің төл ақшаларын шығара бастаған болатын.