Бұл жайлы Medical Xpress басылымы хабарлайды.
Баяндамаға сәйкес, 2015 жылғы жағдай бойынша АҚШ-та 30,3 миллионға жуық адам (елдегі тұрғындардың 9,4 пайызы) қант диабетімен ауырады, 2015 жылдың өзінде ғана аталған дерт бойынша жаңадан 1,5 миллион адам аурулар тізіміне тіркелген. АҚШ-тың тағы 84,1 миллион азаматы диабетке дейінгі кезеңде тұр.
2015 жылғы жағдай бойынша қант диабеті елдегі адам өлімінің жетінші себебі болып тұр. Олардың басым бөлігі егде жастағы адамдар (65 жастан жоғары), шамамен олардың әрбір төртіншісі адам қант диабетіне шалдыққан.
АҚШ-та диабет бойынша ұлттық статистикалық есеп әр екі жыл сайын шығарылады. Әзірге оның 2015 жылғы мәліметтері ғана белгілі. Баяндаманың келесі нұсқасы 2019 жылы шығады, онда 2017 жылдың мәліметтері жарияланатын болады.
Фото: Reed Saxon / AP